DARA SCHOOL LYCEUM

Мектеп іс-шаралары

Білім, тәрбие, шығармашылық және жарқын жетістіктерге толы мектеп өмірі. Әр ай — жаңа мүмкіндіктер, жаңа идеялар мен есте қаларлық сәттер.

Іс-шаралар күнтізбесі

Қажетті айды таңдап, жоспарланған іс-шаралармен танысыңыз.

✦ Білім • Тәрбие • Шығармашылық
01 Қыркүйек Білім күні және жаңа бастамалар ⌄
  • Алғашқы қоңырау, Білім күні және «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тәрбие сағаттары.
  • «Тілім менің ғасырларға аманат» іс-шарасы және «Жасымда білім бар деп ескермедім» дебаты.
  • «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» сабағы.
  • «Қауіпсіз мектеп» онкүндігі, жол қауіпсіздігі бойынша кездесулер.
  • «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тәрбие сағаты.
  • «Буллингтен қорған!» және «Қауіпсіз мектеп менің көзіммен» іс-шаралары.
  • «Заң және тәртіп» аясында құқық бұзушылық пен есірткінің алдын алу кездесуі — 18 қыркүйек.
  • «Менің өмірімдегі қызықты сәт» фотоколлажы — 19 қыркүйек.
  • Клубтар жәрмеңкесі — 19 қыркүйек.
  • «Үйге қауіпсіз жол» бейнеролик байқауы — 21–25 қыркүйек.
  • «Еңбек түбі – береке» тәрбие сағаты.
  • «Таза Қазақстан» акциясы.
  • Мектеп президенттігіне үміткерлерді тіркеу — 28 қыркүйек–5 қазан.
02 Қазан Ұстаздарға құрмет және көшбасшылық ⌄
  • «Daraland» ұстаздар күні мерекесі — 2 қазан.
  • Мектеп президентін сайлау, парламент құрамына өтініштер қабылдау.
  • «Қоғамға қызмет ету» волонтерлік жұмысы.
  • «Даналық ұстаздан» ашық микрофоны.
  • «Күзгі асар» көрмесі мен жәрмеңкесі.
  • «Кітап – білім бұлағы» іс-шарасы — 7 қазан.
  • «Байқа, балақай!» қауіпсіздік тақырыбындағы қойылым — 8 қазан.
  • Жол қауіпсіздігі, кибербуллинг және «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» сабақтары.
  • Ата-аналар жиналысы — 15–17 қазан.
  • «Бала Абай» қойылымы — 20 қазан.
  • «Дәрумендер күні» — 22 қазан.
  • «Жасөспірім және Заң», «Отбасы», «Әр бала – назарда!» акциялары.
  • «Демалыста кітап оқимыз!» акциясы және «Оқырман отбасы» байқауы.
  • Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан», «Республикам – мақтанышым!» тәрбие сағаттары мен суреттер көрмесі.
  • Кітапханадағы ашық есік күні — 23 қазан.
  • Жұмыс орындарына саяхат.
  • Баланы зорлық-зомбылықтан қорғау және жеке қауіпсіздік бойынша ата-аналар мен оқушыларға сабақтар.
03 Қараша Адалдық, жауапкершілік және қауіпсіздік ⌄
  • «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тәрбие сағаты.
  • «Адал табыс азаматтығым» мектеп театрының қойылымы.
  • Теңге күніне арналған қаржылық сауаттылық шаралары.
  • «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны.
  • «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» алдын алу шарасы — 13 қараша.
  • «Буллингтен қорған!» сабағы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектормен кездесу.
  • М. Ғабдуллинге арналған «Батырдан қалған ой-жазба» ашық алаңы.
  • «Өмірге салауатты қадам» тәрбие сағаты.
  • «Электрондық темекінің зияны» презентацияларын қорғау.
  • Зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың және топтық төбелестің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы.
  • «Мен елім үшін...» челленджі — 27 қараша.
04 Желтоқсан Тәуелсіздік және қайырымдылық ⌄
  • «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы.
  • «Жетістігімді еліме арнаймын» іс-шарасы, түлектермен сұхбат.
  • «Тәуелсіздік» сурет байқауы мен көрмесі — 9 желтоқсан.
  • Ата-аналар жиналысы — 9–11 желтоқсан.
  • «Құқығыңды білсең» дебаты.
  • Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сабақтары, «Туған жердің патриотымын» тәрбие сағаттары.
  • «Бабалар аманаты – Тәуелсіздік» мерекелік кеші.
  • «Қайырымдылық – игі іс» және жаңа жылдық қайырымдылық акциялары.
  • С. Бегалин шығармашылығына арналған кітапханалық шаралар.
  • «Еріктілер – қоғам күші» дебаты.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар.
  • «Жаңа жылдық сиқыр» қолөнер байқауы.
  • «Бірлік және ынтымақ» тәрбие сағаты.
  • «Менің өмірлік көзқарасым» эссе байқауы.
  • «Ғаламтордағы өмір» театрлық қойылымы.
  • Жаңа жылдық мереке — 23–26 желтоқсан.
  • «Әке» қойылымы және «Аниме күні» — 25 желтоқсан.
  • Жеке шекара және зорлық-зомбылықтан қорғану бойынша сабақтар.
05 Қаңтар Кәсіби бағдар және зияткерлік даму ⌄
  • «Мамандықтар марафоны», жас кәсіпкерлермен кездесу.
  • «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тәрбие сағаты, «Адал ұрпақ» клубының жаднамаларын тарату.
  • Б. Момышұлына арналған «Темірдей тәртіп маңызы» дебаты.
  • «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны.
  • «Ертегі кейіпкерлері күні» — 17 қаңтар.
  • «Дара бұлбұл–2027» байқауы.
  • «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы, «IQ doda».
  • «Салауатты өмір салты – ұлт саулығының кепілі» іс-шарасы — 26 қаңтар.
  • «Отбасы фестивалі» — 31 қаңтар.
  • Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кездесуі.
06 Ақпан Қауіпсіз интернет және шығармашылық ⌄
  • «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» сабағы.
  • Қауіпсіз интернетке арналған іс-шаралар.
  • «Кітап оқу трендте» дебаты.
  • Ш. Уәлихановқа арналған «Менің Қазақстаным» виртуалды саяхаты.
  • Мәнерлеп оқу сайысы — 7 ақпан.
  • «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі, «Мен ұсынатын бір кітап» ашық микрофоны.
  • «Ертегілер елінде» іс-шарасы — 14 ақпан.
  • Мейірімділік акциясы — 17 ақпан.
  • Ата-аналар жиналысы — 17–19 ақпан.
  • «Қауіпсіз қоғам» тәрбие сағаты.
  • «Startup» байқауы, робототехника үйірмесінің ашық сабағы.
  • «Құқықтық білімнің маңызы зор» кездесуі.
  • «Танцы» би шоуы — 21 ақпан.
  • «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» сабағы.
  • «Кибербуллинг және қоғам» ата-аналар сауалнамасы.
  • Әкелер кеңесінің жұмысы, әкелер апталығы.
  • Құймақ күні.
  • Алғыс айту күніне арналған іс-шара — жоспарда 28 ақпан деп көрсетілген.
07 Наурыз Ұлттық мәдениет және дәстүрлер ⌄
  • «Алғыс – ізгі ниет» тәрбие сағаты.
  • «Ананың аялы алақаны» челленджі.
  • 8 наурызға арналған мерекелік шаралар — 6–7 наурыз.
  • Ж. Жабаевқа арналған «Менің пірім – Сүйінбай» арнаулар сайысы.
  • «Ойынға салауатты көзқарас» сабағы.
  • «Ұлттық мәдениет» көрмесі, музейге саяхат.
  • «Бақыт деген» театр қойылымы.
  • «Наурыз – жыл басы» тәрбие сағаты.
  • «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекесі — 19–20 наурыз.
  • «Жер сағаты» экологиялық акциясы.
  • «Анам және мен» байқауы.
  • Жасөспірімнің қауіпсіздігі және цифрлық әлемде қорғану бойынша сабақтар.
08 Сәуір Кітап, экология және болашақ мамандықтар ⌄
  • «Біз таңдаған кітаптар» тәрбие сағаты.
  • Ә. Бөкейхановқа арналған кітап көрмесі.
  • «Шляпалар күні» — 4 сәуір.
  • «Түлек week» — 7–11 сәуір.
  • «Қауіпсіз дөңгелек» байқауы — 9 сәуір.
  • «Салауатты өмір салты – менің ұстанымым» тәрбие сағаты.
  • «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сыныбы.
  • «Планеталар шеруі», «Актерлер шеруі» — 11 сәуір.
  • «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» еріктілер акциясы.
  • КВН ойындары — 18 сәуір.
  • «Біз – қайратты жастармыз» бейнероликтер байқауы, «Мектебімнің жалынды жастары» марапаттау кеші — 23 сәуір.
  • «Қоғамдық мүлікті қорға!» тәрбие сағаты.
  • Дебат ойындары және достық кездесу.
  • Мамандықтар жәрмеңкесі — 25 сәуір.
  • Ақсақалдар алқасымен кездесу.
  • Баланы онлайн ортада қорғау бойынша ата-аналар мен оқушыларға сабақтар.
09 Мамыр Патриоттық тәрбие және оқу жылының қорытындысы ⌄
  • Әртүрлі ұлттар фестивалі — 2 мамыр.
  • Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар — 5–6 мамыр.
  • Жеңіс күніне арналған ашық тәрбие сағаттары — 8 мамыр.
  • «Туған өлкемнің табиғаты – менің аманатым», «Жасыл мекен» шаралары, экологтермен кездесу.
  • «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі.
  • «Әншуақ» фестивалі, «Әнші балапан» марапаттау рәсімі.
  • «Отбасылық дәстүрлер» апталығы, «Сапалы уақыт» марафоны жеңімпаздарымен кездесу.
  • «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі.
  • «Буллингтен қорған!» сабағы және «Қауіпсіз қоғам» алдын алу шарасы.
  • «Кітап оқы» акциясы — 20–26 мамыр.
  • Соңғы қоңырау — 23 мамыр.
  • «Білімім – Отаныма!» тәрбие сағаты.
  • Қамқоршылық кеңес отырысы, ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысының қорытындысы.
  • А. Жұбановқа арналған танымдық іс-шаралар.
  • «Даралан» фестивалі, ұзартылған топтың жылдық есеп концерті — IV тоқсанның соңында.
10 Маусым Түлектерге арналған салтанатты шара ⌄
  • 9 және 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау — 22 маусым.
✦ Жыл бойы және арнайы жоспармен Тәрбие жұмысы, қауіпсіздік, отбасымен байланыс және оқушыларды қолдау ⌄
  • «Өнегелі 15 минут», «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы».
  • Қауіпсіздік сабақтары — 10 минуттан; төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
  • «Досбол Like», «Менің досым» достық алаңы.
  • «Жастар театры», «Дара бала» фестивалі.
  • «Даналық мектебі», ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы.
  • «Мобильдік көмек» рейдтері, «Мектепке жол», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық шаралары.
  • Әлеуметтік қолдауды қажет ететін және тәуекел тобындағы балалармен жұмыс.
  • Зиянды әдеттердің, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
  • Зиянды интернет-сайттарға кірудің алдын алу.
  • «Әрбір бала – жарық жұлдыз» отбасылық бейнероликтер байқауы.
  • «Кітаптар айналымы», «Мен оқыған бір кітап» талқылау алаңы.
  • «Мамандықтар әлемі» кәсіби бағдар жұмысы.
  • «Құндылық – менің асыл тәжім» дөңгелек үстелі.
  • «Іскерлік бейсенбі» кездесулері және «Дарабоз» зияткерлік сайыстары.
Прокрутить вверх